Бектенов: Бәріміз қазақ спортының бәсекеге қабілетті болуы үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға тиіспіз
© Фото: primeminister.kz
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қысқы IX Азия ойындарына дайындық барысы қаралды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндама жасады.
Қысқы IX Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы 10 бағдарлама бойынша 6 спорт түрінен бақ сынайды. Бүгінгі таңда спортшылар саны бекітіліп, 138 спортшы қатысатыны белгілі болды. Алдағы қысқы Азия ойындары 2026 жылы Миланда өтетін Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.
Ірі спорттық іс-шаралар өткізу халықтың қысқы спорт түрлерімен айналысуға деген қызығушылығын арттыра түсетінін, сондай-ақ туризмге тың серпін беретінін атап өтілді. Бұл ретте қазақстандықтар үшін спорт инфрақұрылымы қолжетімділігінің маңыздылығы баса айтылды.
"Барлық спорт объектілері қалың көпшілікке қолжетімді болып қалуға тиіс. Бұл спортпен шұғылданушылар санын арттырып, осы нысандар айналасында бизнестің дамуына жол ашады. Әкімдіктер мен кәсіпкерлер аталған бағытта белсенді жұмыс істеуі керек. Тек сонда ғана халықты көптеп тартуға мүмкіндік туады. Ол бизнес пен спорт-туристік нысандар айналасындағы елді мекендерге мультипликативті әсер береді", — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп инвесторлар тартып, спорт инфрақұрылымын салу үшін қолайлы жағдай жасау, оның ішінде Алматымен қатар Алматы облысында, Шығыс Қазақстанда және басқа аймақтарда жаңадан тау шаңғысы трассаларын жасау жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бүгінде ең танымал қысқы демалыс орындарының бірі – Шымбұлақтың тәуліктің жүктемесі жобалық қуатынан асып түсті. 2024 жылы келушілер саны 1,5 млн-нан асты.
Жалпы еліміз бойынша Мемлекет басшысы тапсырмасымен салауатты өмір салтын дамытып, халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту үшін кешенді шаралар қабылдануда. Республика бойынша 5 жыл ішінде 215 дене шынықтыру кешені, 17 жүзу бассейні, 57 спорт манежі және 1,5 мыңнан астам спорт алаңы салынды. Жеке инвесторлар есебінен 92 жоба іске асырылды.
Премьер-министр олимпиадалық стандарттарға бағдарланған тиімді дайындық бағдарламаларын құру бойынша қарқынды жұмыс қажет екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда спортшылар даярлаудың нақты жүйесінің жоқтығы, жаттықтырушы құрамның жетіспеушілігі, спорт түрлері бойынша өңірлер арасындағы бәсекелестіктің төмендігі байқалады.
"Мемлекет басшысы жоғары жетістіктер спортына қатысты нақты міндеттер қойды. Бұл ретте спорт түрлерін таңдау ғылыми тұрғыда негізделіп, елімізге тән ерекшеліктерге сүйене отырып жасалуы керек. Аталған мәселенің шешімі спорт федерацияларының қызметін, олардың халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жұмысын да реттеуге тиіс. Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт мектептері мен секцияларын құру және қолдау жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Спорттық медицинаны дамыту жұмысын жандандыру керек. Бәріміз қазақ спортының бәсекеге қабілетті болуы үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға тиіспіз", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктер, барлық мүдделі ұйым мен компанияларға – Қазақстан құрамасының Қытайда сәтті нәтиже көрсету үшін спортшыларымызға барлық жағдай жасау тапсырылды. Сыртқы істер министрлігіне ұлттық құрамаға дипломатиялық желі бойынша тиісті қолдау көрсету міндеті қойылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігіне қазақстандық спортшылар қатысатын Азия ойындарының үздіксіз әрі сапалы көрсетілімін қамтамасыз ету тапсырылды.
Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктермен, Ұлттық Олимпиада комитеттерімен, федерациялармен бірлесіп, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын барынша күшейту бойынша тапсырма берілді.
Үкімет отырысы соңында Премьер-министр әйгілі спортшылар – олимпиада жеңімпаздары Владимир Смирновтың, Людмила Прокашеваның, Елена Хрусталеваның, Денис Теннің, Юлия Галышеваның қазақ спортындағы еткен еңбегі мен жетістіктерін атап өтті. Олжас Бектенов спортшыларға Харбинде өтетін қысқы IX Азия ойындарында сәтті өнер көрсетулеріне тілектестік білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 14 қаңтар 2025
Тұман, қар, жаяу бұрқасын: 15 қаңтарда қай өңірлерде ескерту жасалды
-
22:10, 14 қаңтар 2025
«Қазақтелеком» Tele2/Altel-ді қатарлық компанияға сатты
-
22:04, 14 қаңтар 2025
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан бір адамды құтқарды
-
21:59, 14 қаңтар 2025
Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылары
-
21:30, 14 қаңтар 2025
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайыновты 101 жасқа толды