«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылған жобалар баршылық
Жалпы «Нұрлы жол» бағдарламасы қолға алынғалы 1 мың 300 шақырым жол төселді. Шамамен 2 мың шақырым жолда құрылыс-монтаж жұмыстары жасалды. Павлодарда ашылған 12 шақырымдық алып көпір де «Нұрлы жол» жобаларының бірі. Тізе берсек, тізім үлкен.
Қазір жалпы автокөлік жолдарының ұзындығы 96,5 мың шақырымға жетті. Әрине ол жолдар кеше пайда болған жоқ. Басым бөлігі өткен ғасырдың құрылысы. Бұл көпке мәлім ақпарат. Жаңадан салынған және күрделі жөндеуден өткен бөліктері 5 мың км жетіпті.
Тек соңғы екі жылда іске асырылғаны 1,3 мың шақырым. Құрылыстың құны – 616 млрд теңге. Жобалар саны – 9. Олардың бастысы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай», «Орталық-Оңтүстік«», «Орталық-Шығыс», «Бейнеу-Ақтау», «Алматы-Өскемен» сынды көлік жолдары.
Бағдарлама аясында іске асырылған тағы бір маңызды жоба «Қорғас-Шығыс қақпасындағы» құрғақ порт. Кешеннің ауданы – 129 га. Онда бүгінге дейін 150 мың жүк өңделіпті. Ал арнайы экономикалық аймақта 69 қатысушы тіркеліп, екі жүз жұмыс орны ашылған.
«Алматы-Шу» – транзиттік әлеуетті арттыруға арналған жоба. Қазір осы бағыттағы темір жолдың екінші жолағы соғылып жатыр. Биылға белгіленген құрылыс құны 38 млрд теңге. Ұзындығы 112 шақырымнан асады. Жоспар бойынша осы істер аймақтың жүк өткізу мүмкіндігін 17-ден 68 поезға дейін арттыру тиіс. Ал тасымалға жұмсалатын уақыт 1,5 есеге азаяды.
Авторы: Ердәулет Байдуллаев
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:53, 7 маусым 2026
Алматыда түнгі клубта өнер көрсеткен рэп орындаушы полиция бөлімінен бір-ақ шықты
-
17:39, 7 маусым 2026
Дүйсенбіде еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады
-
16:57, 7 маусым 2026
Анна Данилина тағы да «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атағынан қағылды
-
16:49, 7 маусым 2026
Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды
-
16:49, 7 маусым 2026
Алматыда тамаққа арналған жылтырға оралған ер адамның денесі табылды





