Қазақстандық оқушыға әлемнің 80-нен астам жетекші университетінен грант ұсынылды
© Сурет: ҚР Оқу-ағартау министррлігінің баспасөз қызметі
Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы №22 мектебінің түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, БАӘ және Еуропаның жетекші ЖОО-ларынан 80-нен астам ұсыныс алып, өз білімінің бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 7 маусымда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады:
"Беделді халықаралық университеттер талапкердің академиялық жетістіктерін, көшбасшылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділігін жоғары бағалап, оқу және гранттық мүмкіндіктер ұсынған. Нұрәлі Медина халықаралық IELTS және SAT емтихандарын сәтті тапсырып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге қажетті академиялық дайындық деңгейін көрсетті".
Ведомство мектеп қабырғасында Медина үздік оқушылардың қатарынан көрініп, ғылыми, зияткерлік және қоғамдық жобаларға белсенді қатысқанын, ағылшын тілі пәнінен "Жасанды интеллект – ғылыми зерттеудің жаңа мүмкіндіктері" тақырыбындағы республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияда І орын иеленіп, республикалық "Ой зерек" олимпиадасының жеңімпазы атанғанын да нақтылайды.
"Қазіргі таңда Нұрәлі Медина өзіне ұсынылған көптеген мүмкіндіктің ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University университетін таңдауға ниет білдіріп отыр. Ол сапалы халықаралық білім алып, болашақта жинаған тәжірибесі мен білімін ел игілігіне жұмсауды мақсат етеді", делінген хабарламада.
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде қандай мамандықтарға грантқа түсу мүмкіндігі жоғары екенін айтып, өз ойымен бөліскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:50, 7 маусым 2026
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
-
11:34, 7 маусым 2026
Астанада хайп қуамын деп қоғамдық дәретханада видео түсірген екеу сотталатын болды
-
10:33, 7 маусым 2026
Талдықорғанда ауыр науқас қызының өмірін тозаққа айналдырған ер адам сотталды
-
09:55, 7 маусым 2026
Алматыдағы түнгі жол апаты: бала шошып, ал анасы ауруханаға түсті
-
09:32, 7 маусым 2026
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір үйірі жеткізілді





