Жалғас Жұмағұловтың титулдық жекпе-жегі орта жолдан кілт тоқтатылды

13:55, 7 маусым 2026

© Сурет: Instagram/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы беделді Oktagon лигасында екінші чемпиондық белбеуге таласта бразилиялық Игор Севериномен кездесті. Алайда орта жолдан тоқтатылған кездесу аяғына жетпей тәмам болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы Словакия астанасы Братиславада өткен Oktagon 89 турнирінің басты кездесуінің шымылдығын түрді. өнер көрсетті. Жеңіл салмақтағы (61,2 келіге дейін) чемпиондық белбеу үшін бес раундқа жоспарланған жекпе-жек орта жолдан тоқтатылды.

Екінші раунд барысында Северино ереже бұзып, қарсыласының шап тұсына соққы жасады. Тыйым салынған соққыдан кейін Жұмағұлов уақытша үзіліс алды. Алайда ол айқасты жалғастыру үшін қажетті уақыт ішінде қалпына келе алмады.

Жекпе-жекті бақылаған дәрігер қазақстандық файтерге кездесуді тоқтатуға кеңес берді. Нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті "өтпеді" деп таныды.

Осылайша екі спортшы да чемпиондық атақтарын сақтап қалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!