Астанада хайп қуамын деп қоғамдық дәретханада видео түсірген екеу сотталатын болды

11:34, 7 маусым 2026

© Сурет: Facebook/Ерлан Сакенов

Астанада саябақта орналасқан әйнекті дәретханада түсірілген және әлеуметтік желіде тараған бейнероликтің авторлары жауапкершілікке тартылды. Бұл мәліметті 2026 жылдың 6 маусымында елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері елордадағы саябақтардың біріндегі қоғамдық дәретханада түсірілген бейнежазбаны анықтаған.

Бейнежазбаның авторы мен оған қатысушы — 20 және 22 жастағы қала тұрғындары екені белгілі болды. Анықталғандай, жастар әлеуметтік желіде контент түсіріп, қолданушылардың назарын аудару мақсатында әдейі кабинка әйнегінің көлегейлеу функциясын қоспаған.

"Екеуі де әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот шешімімен әрқайсысына 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды", делінген хабарламада.

Полиция интернеттегі танымалдылыққа ұмтылу қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс екенін еске салып, азаматтарды қоғамдық орындарда да, интернет кеңістігінде де әдеп нормаларын сақтауға шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!