Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы баға құлдырамайтын болды - сарапшы пікірі
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Отандық сарапшы Сұлтан Елемесов "Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы баға күрт құлдырайды" деген болжамды жоққа шығарып, ипотекалық сыйақылар мен заемшыға қойылатын жаңа талаптар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, жақында жарияланған Қазақстандағы тұрғын үй нарығының күрт құлдырауы сценарийін кейінге шегерген екі маңызды жаңалық шықты.
"Біріншісі: ипотека бойынша шекті мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға төмендету 2026 жылдың шілдесінен 2027 жылдың қаңтарына ауыстырылды. Оның үстіне тәсіл де өзгеруі мүмкін: шекті мөлшерлеме бастапқы жарна көлеміне байланысты болады. Базалық мөлшерлеме 17%-ға түскенін ескерсек, банктерде тәуекел мен маржа үшін әлі де запас бар. Сондықтан екінші нарықтағы ипотеканың күрт қысқару сценарийі, әзірге кейінге қалды. Екіншісі: Ұлттық банк 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілуі тиіс қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізбеуі мүмкін. Сондықтан тұрғын үй нарығының құлдырауын күтпеймін. Бірақ қатты өсімді де күтпеймін, себебі халықтың нақты табысы төмендеп жатыр. Жеке өзім түзетуден кейін инфляциядан төмен өсім, яғни стагнация күтемін", деп жазды Сұлтан Елемесов Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін ҚР Ұлттық Банкі төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 5 маусымда өткен брифинг барысында заемшы кірісіне қатысты борыш коэффициентінің шекті мәнін белгілеу жоспарына байланысты түсініктеме бере кеткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:44, 7 маусым 2026
Петропавлда ақшадан шыққан жанжал кезінде қызы шешесін өлтіріп алды
-
13:55, 7 маусым 2026
Жалғас Жұмағұловтың титулдық жекпе-жегі орта жолдан кілт тоқтатылды
-
12:58, 7 маусым 2026
Петропавлда интернеттегі алаяқтарға сенген егде жастағы әйел 7 млн теңгесінен қағылды
-
12:26, 7 маусым 2026
Павлодарда канадалық азамат тоналды
-
11:50, 7 маусым 2026
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді





