Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
© Сурет: olympic.kz
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
66 келідегі отандасымыз Нұрқанат Серікбаев Хорватиядағы Гран-приде жеңіске жеткеннен кейін алты сатыға жоғары көтеріліп, оныншы орынға жайғасты. Жаңартылған рейтингке сәйкес қазақстандық спортшының еншісінде 2748 ұпай бар.
Бұл салмақта жапониялық Хифуми Абэ 5200 ұпаймен көш бастады. Оның жерлесі Такеши Такеока 5000 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал Тәжікстан өкілі Нурали Эмомали 4400 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр.
Сондай-ақ жаңартылған рейтингте Аман Бақытжан 60 келі салмақта үш саты жоғары көтеріліп, 22-орынға тұрақтады. Оның еншісінде 2145 ұпай бар. Ал 48 келі салмақтағы Ғалия Тынбаева бірден 13-орынға жоғарылап, 1141 ұпаймен 38-сатыға жайғасты.
Еске салсақ, екі қазақстандық дзюдошы да Загребтегі Гран-приде күміс медаль иеленген еді.
Бұдан бөлек, Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) алты саты жоғарылап, 1235 ұпаймен 40-орынға тұрақтады. Ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) бірден он саты көтеріліп, 1103 ұпаймен 36-орынға табан тіреді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:37, 17 қараша 2026
Жамбыл облысында 24 млн теңгенің жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды
-
18:06, 17 қараша 2026
Алматыда балаға қатысты қылмыс жасады деген күдікті өзіне қол салмақ болды
-
18:06, 17 қараша 2026
Алматыда балаға қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған ер адам өзіне қол салмақ болған
-
17:51, 17 қараша 2026
Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер іздей бастады
-
17:36, 17 қараша 2026
Аян Өтепберген Испанияда үздік актер атанды





