Ақтөбеде ер адамды атып өлтірді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбеде Нұрлы Таң көшесінен ер адамның мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында таңертең ерте атыс дауысы естілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады. Куәгерлердің сөзінше, қайғылы оқиға таңертең болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған.
16 қарашада Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.
"Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстау үшін қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:41, 16 қараша 2026
Ақылы біліктілікті арттыру курстарында мәселе бар – Оқу-ағарту министрі
-
18:32, 16 қараша 2026
Қазақстанда газбен қамту деңгейі 64,5 пайызға жетеді
-
18:25, 16 қараша 2026
ІМ балалар арасындағы буллингтің биылғы статистикасын жариялады
-
18:23, 16 қараша 2026
17 қарашада Қазақстанның қай өңірлерінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады
-
18:06, 16 қараша 2026
Almaty Open алғаш рет ATP 250 санатындағы жылдың үздік турнирі атанды





