Әділет Тұрғанбаев ҚР туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

20:13, 16 қараша 2026
MKZ: 1578044

© Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әділет Тұрғанбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әділет Тұрғанбаев 1988 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Сингапур ұлттық университетін бітірген.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

2010–2011 жылдары — "Қазақстан халқы рухани даму қоры" АҚ менеджері.

2011-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қаржы және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы сарапшысы.

2012–2019 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.

2019–2023 жылдары — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы.

2023 жылы – "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" ҚҚ бас менеджері.

2024–2025 жылдары — ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары.

2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!