Нұрдәулет Сүйіндіков Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасы қызметінен босатылды
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты 2025 жылдың 30 желтоқсанында Ақорданың баспасөз қызметі таратты.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми хабарламада.
Нұрдәулет Сүйіндіков Активтерді қайтару жөніндегі комитетті оның құрылған күнінен бастап басқарды. Аталған комитет заңсыз жолмен шығарылған активтерді анықтау, оларды елге қайтару және мемлекет кірісіне өндіру бағытында жұмыс жүргізіп келеді.
Комитет қызметі аясында соңғы жылдары мемлекетке миллиардтаған теңгенің активтері қайтарылғаны бірнеше рет хабарланған. Бұл бағыт елдегі заң үстемдігін қамтамасыз ету және экономикалық әділдікті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланып келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 30 желтоқсан 2025
Көлік министрлігі жүргізушілерге шұғыл ескерту жасады
-
17:22, 30 желтоқсан 2025
Жетісу облысында есірткі сатқан жас жігіт ұсталды
-
17:16, 30 желтоқсан 2025
Алматы метросы мереке күндері қалай жұмыс істейді
-
17:10, 30 желтоқсан 2025
Шаңғымен тұғырдан секіруден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті
-
16:56, 30 желтоқсан 2025
«Мұзда тайып құлап, қаза тапты»: Астанадағы қайғылы жағдайға әкімдік түсініктеме берді





