Жолдардағы жылдамдық шектеулерін сақтамай, айыппұл арқалағандар шағымы: ІІМ мәлімдеме жасады
© Сурет: Zakon.kz
Астана – Щучинск және Астана – Теміртау бағыттарындағы тас жолдарда орнатылған электрондық ақпараттық таблоларда көрсетілетін жылдамдық шектеулері заңды күшке ие. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді уақытша шектеулерді қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана – Щучинск және Астана – Теміртау тас жолдарындағы жылдамдық шектеулерін сақтамағаны үшін келетін әкімшілік айыппұлдарға қатысты азаматтардан көптеген шағым түсіп жатыр. Осыған орай, ІІМ тағы да мынаны еске салады:
- қала сыртындағы жолдарда орнатылған ақпараттық таблолар заңнама талаптарына сай толыққанды электрондық жол белгілеріне жатады. Атап айтқанда, оларда 3.24 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу" белгісі көрсетіледі;
- бұл таблолар ауа райы жағдайына, яғни тұман, көктайғақ, қатты жаңбыр кезінде, сондай-ақ жол жөндеу жұмыстары немесе жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда нақты уақыт режимінде өзекті жылдамдық шектеулерін көрсетеді. Сондықтан таблода көрсетілген талаптарды міндетті түрде сақтау қажет.
"Трассадағы негізгі ақпарат көзі – таблода көрсетілген жол белгілері екенін ескере отырып, оларды мұқият қадағалауды сұраймыз. Уақытша жылдамдық шектеулері барлық жол жүрісіне қатысушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Заң бұзушылықтар тәулік бойы және кез келген ауа райында жұмыс істейтін автоматты камералармен тіркеледі. Уақытша жылдамдық шектеулерін енгізудің басты мақсаты – азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау. ІІМ барлық жүргізушіні жолда жол жүру қағидаларына жауапкершілікпен қарауға, ауа райы жағдайын ескеруге, жол белгілерін қадағалап, жол жағдайындағы өзгерістерге дер кезінде әрекет етуге шақырады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз", – дейді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Ақтоты Боранова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 30 желтоқсан 2025
Қазақстанда электр энергиясына шекті тарифтер 7 жылға бекітілді
-
10:45, 30 желтоқсан 2025
Ақтауда полицейлер есірткі тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойды
-
10:38, 30 желтоқсан 2025
Алматы облысында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсірген фитозертхана әшкереленді
-
10:24, 30 желтоқсан 2025
Алматыда түн ортасында жаппай жол апаты болды: зардап шеккендер бар
-
10:17, 30 желтоқсан 2025
Алматы тауларындағы қар көшкінінде мерт болған үш жігіт жерленді





