Алматы метросы мереке күндері қалай жұмыс істейді

17:16, 30 желтоқсан 2025

© Сурет: unsplash

Алматы метрополитені демалыс және мереке күндері жолаушыларды қалыпты режимде тасымалдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метрополитеннің жұмыс уақыты – таңғы 06:20-дан түнгі 00:00-ге дейін.

Алматы метрополитенінің хабарлауынша, 1-5 қаңтар аралығында мерекелік күндерге және жолаушылар санының өзгеруіне байланысты пойыздар қозғалысының аралығы 12 минут болады.

"Жолаушылардан сапарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз".Алматы қаласының метрополитені

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!