Нұрбақыт Теңізбаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

16:43, 29 маусым 2020

Грек-рим күресінен 2008 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, қазіргі уақытта Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Нұрбақыт Теңізбаев вирус жұқтырды, деп хабарлайды vesti.kz.

Ол қазір Талдықорғанда емханада жатыр.

Бұл туралы спорт журналисі Данияр Кәрімжан Телеграмм арнасында жазды.

"Нұрбақыт Теңісбаев жасатқан тест оның ағзасында коронавирус бар екенін көрсетті. Қазіргі уақытта спортшы Талдықорған қаласындағы емханалардың бірінде ем алып жатыр", - делінген жазбада.

Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев - 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, сонымен қатар 2009 жылы әлем чемпионатының жеңімпазы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!