Нұр-Сұлтанда белгілі журналисттің өліміне қатысты тергеу басталды
Нұр-Сұлтанда белгілі журналист әрі профессор Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Елордалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 23 маусымда жедел жәрдем бригадасы коронавирус жұқтыру күдігімен Қуандық Шамахайұлын (1960 ж.т.) ауыр халде ауруханаға жеткізді.
- Осы уақыттан бастап ол N1 Көпсалалы қалалық ауруханасының стационарында ем алып жатты. Қойылған диагноз: ауыр дәрежедегі этиологиясы нақтыланбаған екі жақты полисегментальды пневмония, - дейді басқармадағылар.
Науқас клиникалық хаттамасына сәйкес ем алды. Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлаған.
- 29 маусымда науқастың жүрегі тоқтап қалды, реанимациялық шаралар жүргізілгеніне қарамастан марқұмды аман алып қалу мүмкін болмады. Өлімнің себептері бойынша тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері туыстарына хабарланады, - дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Айта кетсек, оңалып келе жатқан Қуандық Шамахайұлының кенет қайтыс болғанына марқұмның туыстары күмәнмен қарайды. Өйткені журналисттің өзі дәрігерлердің бір дәрі бергенін, содан секемденіп отырғанын желіде жазған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:59, 26 сәуір 2024
Астана мен Алматыда субұрқақтар қашан іске қосылады
-
10:37, 26 сәуір 2024
Қорғаныс шебінде: ембілік мұнайшылар су басу қаупінің алдын алуда
-
10:27, 26 сәуір 2024
Жол қозғалысы ережелеріне жаңа өзгерістер енгізілді
-
09:59, 26 сәуір 2024
Қызылорда қаласында «Жасыл аймақ» акциясына ардагерлер де атсалысты
-
09:47, 26 сәуір 2024
Алматыда жаңа жағалау пайда болады