Нөсер, найзағай, бұршақ және аптап ыстық: 3 шілдеде ауа райы қандай болады

18:16, 2 шілде 2026

© Фото: pixabay

2026 жылғы 3 шілде, жұма күні Қазақстан аумағында солтүстік-батыс циклонының ықпалы сақталып, елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады, ал кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауады.

Сонымен қатар ел аумағында желдің күшейеді. Оңтүстік және шығыс өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Бұдан бөлек, күндіз Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысы аумағында аптап ыстық болып, ауа температурасы +35...+37°C-қа дейін көтеріледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!