Никол Пашинян: армян-қазақ қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет ету керек

12:01, 15 сәуір 2024

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы, 2024 жылдың 15 сәуірінде Арменияға іссапармен барды. Кездесу барысында Арменияның премьер-министрі екі ел арасындағы қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Армения Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Сонымен қатар, бұл ресми сапарына ерекше мән беретінін және оны екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңызды кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

Никол Пашинян: армян-қазақ қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет ету керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2024 12:01

Сурет: akorda.kz

Никол Пашинян өзара байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, армян-қазақ қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, инвестициялық, өңірлік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар өңірлік тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелеріне айрықша назар аударды.

Шағын форматта өткен келіссөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян Қазақстан мен Армения арасындағы көпқырлы байланыстарды одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады.

Бұған дейін, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға ресми сапармен келгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!