Назарбаев халықаралық әуежайында автотұрақта тұру 15 минут тегін болады

16:50, 13 шілде 2018

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында арнайы жол желісі ұйымдастырылуына байланысты 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап аэропорт автотұрағындағы тарифтер де өзгертілетін болады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Тарифтерді қалыптастыру кезінде халықаралық тәжірибе ескерілді. Автотұрақ аймағының арнайы жол желісінде көлік құралдарының рұқсат етілген тегін тұру уақыты 0-ден 15 минутқа дейін. Еуропа елдерінде ең аз тегін тұру уақыты қолданылады немесе тегін уақыт деген болмайды. ТМД елдерінде тегін тұру уақыты көптеу. Мысалы, Киев әуежайында – 10 минут, «Шереметьево» мен «Домодедово» атты Мәскеу әуежайларында – 15 минут, «Пулково» деген Санкт-Петербург қаласының әуежайында – 15 минут», - делінген хабарламада.

Сонымен, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында тарифтер былайша белгіленді:

Әуежай автотұрағының арнайы жол желісінде тұрудың алғашқы 15 минуты тегін. Уақыт шегінен асып кеткен жағдайда, автожүргізуші өз көлігінің арнайы жол желісінде тұрған әрбір келесі сағаты үшін 1000 теңгеден төлейді.

Әуежайдың ортақ автотұрағында тұру құны – кірген сәттен бастап 10 сағатқа дейін сағатына 100 теңге. 10-шы сағаттан бастап, 24 сағатқа дейін – 1000 теңге. Әрбір келесі тәулігі – 500 теңге. Тегін уақыт деген жоқ.

«Енгізілетін жаңалықтар көлік жүктемесін тиімді басқаруға, орынтұрақ кеңістігін пайдалануды оңтайландыруға және заңсыз тасымалдаушылармен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді деп күтіледі», - делінген компанияның хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!