Наурызда ел өңірлерінде тауарлар бағасы қаншалықты өсті

17:53, 16 сәуір 2024

© Сурет: pixabay

Наурызда елімізде жылдық инфляция етігін басып, баяулады. Алайда, кейбір аймақтарда азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі елдік деңгейінен жоғары болып шығып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, наурыз айында елімізде жылдық инфляция баяулап, 9,1%-ды (ақпанда – 9,3%) құрады. Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 6,9%-ға дейін, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,2%-ға дейін бәсеңдеді, ал ақылы көрсетілетін қызмет бағасы, керісінше 13,2%-ға дейін жеделдеді.

Ресми зерттеу қорытындысында жылдық инфляция 14 өңірде бәсеңдесе, бес облыста қарқын алып, бір өңірде өзгеріссіз қалды. Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы Ұлытау облысында (10,5%) барынша қарқын алды, ал Алматы облысында (4,3%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,2%), ең төменгі мән Жетісу облысында (6,5%) тіркелді.

Наурызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы Павлодар облысында жалпы республикалық деңгейден біршама тез (18,2%), Ұлытау облысында (8,6%) айтарлықтай баяу өсті.


"Наурызда еліміз бойынша айлық инфляция 0,7%-ға шарықтады. Бұл – тарихи орташа мәннен жоғары (2017-2021 жылдардағы наурызда – 0,6%)". ҚР Ұлттық банк

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!