Наурыз айында ҰБТ тапсыруға ниетті талапкерлер үшін соңғы мүмкіндік кезеңі аталды
© Фото: Zakon.kz
ҚР Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы 24 ақпанда талапкерлерге наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түлектерге Наурыз ҰБТ-сына өтініш қабылдау 25 ақпан сағат 23:59-да аяқталатыны қатаң түрде ескертілді.
"Осыдан кейін тестілеу пунктін, күнін және уақытын өзгерту мүмкін болмайды",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, бейіндік пәндер мен тестілеу тілін таңдауға өзгерістер енгізу тестілеу күні басталуына 24 сағат қалғанға дейін мүмкін екені айтылды.
Бұл ретте, өтініш беру кезінде өте мұқият болу сұралды.
Естеріне сала кетсек, 2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сын 184 мыңға жуық адам өтті. Талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде және 113 адам ағылшын тілінде тапсырды. Талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:53, 24 ақпан 2026
Алматыда ауа райы күрт өзгеріп, қайтадан қыс орнады
-
17:45, 24 ақпан 2026
Ташкенттегі Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
-
17:26, 24 ақпан 2026
Оралда кибералаяқтар тұрғынның 5 миллион теңгесін жымқырды
-
17:14, 24 ақпан 2026
Алматылық жүргізуші қауіпті дрифт жасап, көлігінен айырылды
-
17:08, 24 ақпан 2026
Теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингте жоғары көтерілді





