Таразда пәтерінде 20 мысық асыраған әйелге айыппұл салынуы мүмкін
© Сурет: Zakon.kz
Таразда қуықтай үйдегі сансыз мысық айналаны антисанитарияға айналдырып, зиянды жәндіктердің көбеюіне әкеліп соққан. Осылай деген көршілер өлген жануарын маңайға көміп, үйдің айналасын мысық мазарына айналдырғанын да айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал аудан әкімдігі ешқандай шара қолдана алмай отыр — облыс бойынша тұрғын үйде ұстайтын жануар саны ережемен бектілмеген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Көршілеріміз алғаш мысық асырай бастағанда, біз бұндай мәселе болатынын білмедік. Мұнда күннен-күнге мысық көбейіп, бізге кедергі келтіре бастады. Қазір үйде тарақан қаптады. Сасық иіс шығып жатыр. Бірнеше рет құзырлы орындарға хабарлап, шара қолдануды сұрадық. Алайда олар айыппұл салумен шектеліп отыр", - дейді Нина Ерк.
Оның өзі уақтылы екпе алмағаны үшін салынған. Бұл мысықтарды, жолын тауып, азайтпаса болмайды. Бұл мәселе былтырдан бері ветеринария қызметкерлерінің де бас ауруына айналған. Өйткені зейнеткер үйдің айналасында өлген мысықты көміп кететін көрінеді. Кейде оны тамақтандыруға шамасы келмей, көпшіліктен көмек сұрайтын да әдеті бар екен.
"Бұл мәселені біз тұрғындармен жыл сайын көтереміз. Жұмыс тобы құрылып, көптеген заң бұзуды анықтайды. Ал мысықтардың иесі оның санын азайтуға уәде беріп шығарып салғанымен, мысық саны азаймай тұр. Қазір тұрғындардың мәселесіне ешкімнің бас ауыртқысы жоқ. Керісінше, әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды қаралап, жануарларды қорғауға тырысатындар көп".Елена Тихонова, Тараз қаласы әкімдігі ветеринария бөлімі, жануарларды қорғау инспекторы
Ал мысықтардың иесі жануарлар одан әрі көбеймеу үшін кастрация жасауға да келіспеген. Сондықтан оған мысықтарды екпеден өткізбегені үшін ғана айыппұл салынған. Ал тұрғын үйдегі мысықтарды азайту, әзірге мүмкін емес, - дейді мамандар.
"Көпқабатты үйде жан-жануар, ит-мысық ұстау мәселесі күрделеніп тұр. 20-ға жуық мысық ұстап отырғандардың көршілерінен шағымдар түсіп жатыр. Ол азаматшамен түсіндіру жүргізгенімен, еш нәтиже болмай тұр. Себебі заңда ол арнайы көрсетілмеген".Медет Нұрмаханов, Әулиеата ауданы әкімінің орынбасары
Ал мысықтарды көшеден жинап алып, өз үйінде бағып отырған әйел мысықтардың тағдыры "тек заң аясында шешілсін" дейді. Қазір бұл мәселе бойынша қайта жұмыс тобы құрылып, өз жұмысын бастаған. Алайда облыстық маслихат депутаттары үй жануарын ұстау бойынша заң нормасын әлі де қарастырмапты. Бұған қапа болған тұрғындар ереже ертерек бекітілмесе, көпқабатты үйде қой бағып, жылқы баптауды бастаймыз деп оқталып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:44, 23 ақпан 2026
Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен «Картахена» өзара бақ сынасты
-
22:06, 23 ақпан 2026
Қар құрсауында қалған ауылдағы науқасты құтқарушылар ауруханаға жеткізуге жәрдемдесті
-
21:44, 23 ақпан 2026
Қазақстан конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде 13 медаль жеңіп алды
-
21:32, 23 ақпан 2026
Астанада қатты аязға байланысты оқушылар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды
-
21:24, 23 ақпан 2026
24 ақпанда еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды





