Алматыда қоғамдық көліктерге қатысты бақылау күшейтілді
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Мегаполисте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалы саласында тәртіп орнатуға бағытталған республикалық "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру тек автобустарға ғана емес, мегаполис аумағында жолаушыларды тасымалдайтын барлық көлікті қамтиды. Көліктің техникалық жағдайына, рұқсат құжаттарының болуына, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуына, сондай-ақ заңсыз тасымал фактілеріне назар аударылады.
"Биыл қоғамдық көліктердің қатысуымен 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 31 адам жарақат алды. Бұл профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігін көрсетеді. Аталмыш іс-шара аясында біз тек қоғамдық көліктерді ғана емес, барлық тасымалдаушыны тексереміз. Біздің міндетіміз – қатаң бақылау жүргізу, заңсыз тасымал фактілерін болдырмау және қауіпсіздік талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Жолдағы заң мен тәртіп — қала тұрғындарының қауіпсіздігінің кепілі", – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Бұған дейін прокуратура Алматыдағы автобус парктерінен өрескел бұзушылықтарды анықтағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:06, 23 ақпан 2026
Қар құрсауында қалған ауылдағы науқасты құтқарушылар ауруханаға жеткізуге жәрдемдесті
-
21:44, 23 ақпан 2026
Қазақстан конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде 13 медаль жеңіп алды
-
21:32, 23 ақпан 2026
Астанада қатты аязға байланысты оқушылар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды
-
21:24, 23 ақпан 2026
24 ақпанда еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:48, 23 ақпан 2026
Қостанай облысында колледжде өрт болып, ер адам қаза тапты





