Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қыз зорланды
© Сурет: freepik
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" басылымының мәліметінше, оқыс оқиға Шыңғырлау ауданында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккен қыздың әкесі полицияға арызданды. Ол 2026 жылдың 2 қаңтарында ер адам кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне апарғанын, ол арада оған зорлық-қорлық көрсеткенін айтқан.
Полиция бұл факт бойынша ҚР ҚК 120-бабы, яғни "Кәмелетке толмағанды зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтып, ақпаратты растады.
"Қылмыстық іс Шыңғырлау ауданының полиция бөлімінің өндірісіне алынып, ол бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" шарасын қолдану туралы мәселе іс бойынша тергеу іс-қимылдарының кешені жүргізілгеннен кейін шешілетін болады". БҚО полиция департаменті
Құқық қорғау органдары тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жария етпеді.
Бұған дейін Ақтөбеде оқушы қызды зорлап, жүкті қылған өгей атасы 21 жылға сотталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:52, 23 ақпан 2026
Тоқаев Қазақстан президенті баспасөз қызметінің бұрынғы басшысын марапаттады
-
19:16, 23 ақпан 2026
Әйелі мен ұлын өлтірген қостанайлық өмір бойына бас бостандығынан айырылды
-
18:57, 23 ақпан 2026
24 ақпанда Қазақстанның шығысында қалың қар жауатыны болжанады
-
18:51, 23 ақпан 2026
Алматыда Ольга Әбдіғаппароваға қатысты сот үкімі жарияланды
-
18:29, 23 ақпан 2026
Өз бүйрегін 25 мың долларға өткізбекші болған ер адам ұсталды





