Алматылық жүргізуші қауіпті дрифт жасап, көлігінен айырылды
© Сурет: polisia.kz
Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасаған жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің жолдың жүріс бөлігінде дрифт элементтерін орындап, өзге де қауіпті маневрлер жасаған бейнежазбасын анықтады. Аталған әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.
Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, авариялық жағдай туындату және жол қозғалысы ережелерінің өзге де талаптарын бұзу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Алматы полиция департаментінің өкілі Серік Шумаевтың айтуынша, мұндай жауапсыз әрі қауіпті әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.
"Мұндай құқық бұзушылықтарға полиция тарапынан әрдайым принципті құқықтық баға беріледі. Бейнежазбаның әлеуметтік желілерде жариялануына немесе бейнебақылау камералары арқылы тіркелуіне қарамастан, әрбір дерек бойынша тиісті шаралар қабылданады. Азаматтардың қауіпсіздігі мен жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету – басты міндетіміз", – деді ол.
Полиция агрессивті әрі демонстративті көлік жүргізудің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға үндеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:22, 24 ақпан 2026
Алматыда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жамбас-сан буынын толық алмастыру отасы жасалды
-
19:01, 24 ақпан 2026
Яна Легкодимова ісі: сотталушылардың үкімі өзгеріссіз қалды
-
18:56, 24 ақпан 2026
Бублик Дубайдағы ATP 500 турнирін сәтті бастады
-
18:46, 24 ақпан 2026
Атырау облысында екі бірдей адамды өлтірген күдікті Индонезияда ұсталды
-
18:46, 24 ақпан 2026
ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстады





