24 ақпанда Қазақстанның шығысында қалың қар жауатыны болжанады

18:57, 23 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2026 жылғы 24 ақпан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес, ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі.

Тек елдің шығысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады: жауын-шашын болады.

Шығыс өңірге келетін болсақ, қалың қар жауатыны болжанады.

"Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға тұман, көктайғақ, екпінді жел жатқызылады", – дейді метеорологтар.

Бұған дейін синоптиктер 23 ақпанда Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!