Қостанай облысында колледжде өрт болып, ер адам қаза тапты

20:48, 23 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

Қостанай облысындағы колледждердің бірінде болған өрт салдарынан 58 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алау" басылымы 21 ақпанда "112" пультіне Федоров ауданы, Жаркөл ауылындағы колледж аумағында түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түскенін жазады. Өңірлік ТЖД деректері бойынша, оқиға орнына өртке қарсы қызмет бөлімшелері жіберілді.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер екі қабатты зертханалық ғимараттың бірінші қабатындағы қосалқы бөлмедеден от шыққанын анықтады. Барлау барысында құтқарушылар 1968 жылы туған ер адамды ес-түссіз күйде тапты. Ол сыртқа шығарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қабылданған шараларға қарамастан, зардап шегушіні құтқару мүмкін болмады", – дейді Қостанай облысы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығы бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Хасенов.

Өрт ауыздықталды. Ер адамның нақты өлімінің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды. Сондай-ақ өрттің мән-жайын анықтау үшін өрт-техникалық зерттеу шаралары тағайындалды.

Бұған дейін Қызылордада автосервис дүкені өртенгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!