Мысырда Израиль мен ХАМАС делегацияларының келіссөздері өтетін болды
© Сурет: pexels
Мысырда 6 қазанда Израиль мен ХАМАС делегацияларының келіссөздері өтеді. Кездесуде кепілге алынған израильдік адамдар мен палестиналық тұтқындарды босату мәселесін егжей-тегжейлі талқыланбақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
DW басылымының мәліметінше, Мысыр Израиль мен Палестинаның ХАМАС террористік ұйымының өкілдерін 6 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспары аясында Газа секторындағы израильдік кепілге алынған адамдарды палестиналық тұтқындарға айырбастау бойынша келіссөздер жүргізуге шақырды.
Тікелей емес, жанама жүргізілетін келіссөздер Трамптың Газа секторындағы соғыс қимылдарын аяқтау жоспарын ұсынғаннан кейін туындаған "аймақтық және халықаралық серпінді дамуға бағытталған күш-жігердің бір бөлігі " болып табылады", - деді 4 қазанда кешке Каирдегі Сыртқы істер министрлігі.
Кездесудің нақты қай жерде өтетіні нақтыланбады. Келіссөздер Шарм-эш-Шейхте немесе Каирда өтуі мүмкін.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп екі жылға жуық жалғасқан соғысты тоқтату жөніндегі ультиматумын ішінара қабылдаған ХАМАС әрекетін құптай отырып, Израильден Газа секторын бомбалауды дереу тоқтатуды талап еткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 28 шілде 2026
Әли Алмас U17 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
22:28, 28 шілде 2026
«Семей орманындағы» өрт толық сөндірілді
-
21:45, 28 шілде 2026
Қазақстанның сегіз өңірінде заңсыз айналымнан 31 қару мен 278 оқ-дәрі тәркіленді
-
21:20, 28 шілде 2026
Инвестициялық алаяқтар жаңа технологияларды пайдалана бастады – Ұлттық банк
-
20:46, 28 шілде 2026
Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды





