Президент күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады

17:35, 19 қыркүйек 2024

© Сурет: akorda.kz

18 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады, делінген Ақорда хабарламасында.

Кездесуде Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.

Мұның алдында Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдаған болатын. Министр Президентке еліміздегі криминогендік ахуал жайын баяндады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!