«Мұраға талас». Титан батискафында мерт болған миллиардердің әйелі түксіз қалды

17:52, 12 қаңтар 2025

© Сурет: wikipedia

Титан батискафында 19 жасар ұлы Сүлейменнен бірге мерт болған пәкістандық миллиардер Шахзада Давудтың жесірі Кристина Давуд пен оның 17 жасар қызы Алина түксіз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Миллиардердің отбасылық бизнес империясы - Dawood жыл сайын 1,5 миллиард евро табыс әкелетініне қарамастан, марқұмның әйелі Кристина небәрі 91 614 евроға ғана ие болып қалды.

Daily Mail мәліметінше, жесірдің еншісіне мұндай шағын қаражаттың тиюіне өсиетхаттың қалдырылмауы түрткі көрінеді. Отбасы ағылшынның Суррей округінде тұрады, ал ондағы жергілікті заңдарға сәйкес, мұра жазылмаған жағдайда тек Ұлыбританиядағы активтердің бір бөлігі ғана артында қалған ұрпаққа беріледі. Бұл жағдайда Давудқа тиесілі байлық негізінен мемлекет тыс жерде қалып отыр.

Айта кетсек, қайғылы оқиға 2023 жылдың жазында бірнеше адам шағын Титан батискафымен кезінде теңіз түбіне батқан Титаникті тамашлауға аттанған. Шахзада мен Сүлейменнен бөлек бортта тағы үш адам болды: OceanGate компаниясының бас директоры Стоктон Раш, британдық кәсіпкер Хамиш Хардинг және "Титаник" жөніндегі француз маманы Пол-Анри Наржоле.

3 800 метр тереңдікке жеткенде батискаф сыртқы қысымға шыдамай күл-талқан болып шашылды. Оның бөлшектері теңіз түбінде жатқан Титаниктен небәрі 330 метр қашықтықтан табылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!