«Туды алып шықты». Түнде ҚБТУ ғимараты өртеніп, әкімдіктегілер де аяғынан тік тұрды

09:24, 12 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда 12 қаңтарға қараған түні Қазақ-британ университетінің ғимараты өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ТЖМ күштерімен өрт 120 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 59 өрт сөндірушісі және 19 техника жұмылдырылды", делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеді.

Сондай-ақ өрт сөндіру жұмыстарына ғимараттың құрылыс ерекшелігі кедергі болғаны да нақтыланады.

Өрт шатырдан шыққандықтан өрт сөндірушілер, ең алдымен, биікте ілулі тұрған Қазақстан туын түсірген.

Айта кетсек, Қазақ-британ университеті Алматыда Төле би көшесінің бойында "ескі алаңда" орналасқан тарихи ғимарат. Мұнда 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігі ҚБТУ ғимаратындағы өртті сөндіруде ТЖ қызметтеріне қажетті көмек көрсететінін хабарлады.

"Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары оқиға орнында болды. Алмалы ауданының әкімдігі өрт сөндірушілерге ыстық тамақ пен сусын беруді ұйымдастырды", делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!