2024 жылы Қазақстанда 85 экстремистік қылмыстың беті ашылды

14:44, 12 қаңтар 2025

© Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2024 жылы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністері діни және ұлттық алауыздықты қоздыру, терроризмді насихаттау және экстремистік ұйымдарға қатысу сияқты 85 қылмысты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша 44 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Сонымен қатар ұрлық, бопсалау, тонау және басқа да жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін 131 діни радикал сотталды. 18 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, олардан 50 қару және 10 келіден астам есірткі тәркіленді", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Діни қатынастар саласындағы және тыйым салынған материалдарды таратуға байланысты құқық бұзушылықтар үшін 390 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауға ерекше назар аударылды. Жыл бойы 9930 нысанның қауіпсіздік шараларының жағдайы тексеріліп, оның нәтижесінде бұзушылықты жою туралы 3581 нұсқама енгізіліп, 1244 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұған дейін Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті ізін суытпай, бірден ұсталғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!