АҚШ-та бортсерікпен сөзге келіп қалған Хабиб Нұрмағамбетов рейстен түсірілді

15:59, 12 қаңтар 2025

© Сурет: Instagram/khabib_nurmagomedov

АҚШ-та бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамбетов бортсерікпен сөзге келіп қалғаны үшін рейстен түсірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Essentially Sports мәліметінше, American Airline әуе компаниясына тиесілі ұшақтың ұшар алдында бортсерік төтенше жағдайда шығатын орын маңайына жайғасқан Хабибтен басқа жерге ауысуын өтінген. Нұрмағамбетов бұдан бас тартқан, содан кейін бортсерік әуе компаниясы қызметкерін шақырған. Ал ол өз кезегінде ақырында спортшыны рейстен шығарып тынған.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода бортсерік қыз Нұрмағамбетовқа апаттық жағдайда шығу есігі маңына отырғызуға рұқсат бере алмайтынын түсіндіріп, өзін тыңдамаған жағдайда рейстен шығаратынын айтады.

"Бұл әділетсіздік қой. Мен анда-мында ауысып жүре алмаймын", – деп жауап берді спортшы.

Нұрмағамбетов өзінің мансабын аяқтайтынын 2020 жылдың қазан айында америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін жариялады. Ол аралас жекпе-жектегі барлық 29 кездесуінде де жеңіске жеткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!