Желідегі дақпырт: Қостанай облыстық полициясы түсініктеме берді
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қостанай облысының департаменті "өңірдегі психиатриялық ауруханадан пышақпен қаруланған науқас қашып кетті" деген қауесетті жоққа шығарды. Ал әлеуметтік желіде тараған ақпарат фейк болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылдың 12 қаңтарында құқық қорғау органдары қазіргі уақытта желіде суреті тараған ер адамды іздестіріп жатқандарын, бірақ бұл реттегі жағдай мүлде басқа екенін айтты, деп жазады "Наша газета".
"Ер адамды ҚР ҚК-нің 385-бабы, 2-бөлігі, яғни "алдын ала сөз байласу бойынша бірнеше рет немесе топ болып құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша қылмыс жасады деген күдікпен іздестірілуде", деп түсіндіреді полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары оның психиатриялық ауруханадан қашқаны, қолына пышақ ұстап жүргені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Сөйтіп қала тұрғындарына жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.
Бұған дейін Қазақстанда іздеуге жарияланған әрбір екінші қашқын ғана табылатыны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:28, 12 қаңтар 2025
Астана, Алматы, Шымкент: 12 қаңтарға арналған шетел валюталары бағамы
-
15:59, 12 қаңтар 2025
АҚШ-та бортсерікпен сөзге келіп қалған Хабиб Нұрмағамбетов рейстен түсірілді
-
15:23, 12 қаңтар 2025
Йеменде жанар-жағармай құю стансасы жарылып, 10 адам қаза тапты, тағы 65 адам түрлі жарақат алды
-
14:44, 12 қаңтар 2025
2024 жылы Қазақстанда 85 экстремистік қылмыстың беті ашылды
-
14:08, 12 қаңтар 2025
Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды