Қар көшкініне байланысты ШҚО-дағы республикалық маңыздағы жолдың бір бөлігі жабылды

09:34, 12 қаңтар 2025

© Сурет: pixabay

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі 2025 жылғы 12 қаңтарда сағат 09:00-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнар көздері" республикалық тас жолының бір бөлігі жабылғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы мекеме баспасөз қызметінің мәліметінше, қар көшкінінің профилактикалық түсуіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнар көздері" республикалық тас жолының 46-66 шақырым, яғни Северное ауылынан Серебрянск қаласы аралығында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеулер енгізілді.

"2025 жылғы 12 қантар сағат 15:00-де жолды ашу жоспарланған", делінген ресми хабарламада.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12 қаңтарда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!