Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды
© Сурет: polisia.kz
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің жауынгерлері Көкшетау қаласында кісі өліміне себепші болған күдіктіні жедел түрде қолға түсірді. Ауыр қылмыс туралы хабар жедел басқару орталығына 11 қаңтарда сағат 20:00 шамасында түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марқұмның денесін тауып алған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған. Күдіктіге қатысты бағдар дереу полиция жасақтары мен әскери қызметшілерге таратылды.
"Шұғыл ақпарат түскен бойда іздеу шараларын бастап кеттік. Арада 20 минуттай уақыт өткенде Әуезов көшесінен мас күйде жүрген үш адамды байқадық. Тінту барысында олардың біреуінің қалтасынан қылмыс туралы арыз берген азаматтың жеке куәлігі табылды", – дейді әскери жасақ бастығы аға сержант Жанғазы Шайхин.
Күдіктілердің бірі қашып кетпек болғанымен, ұландықтар оны жылдам ұстап үлгерген. Тінту кезінде ер адамдар агрессивті әрекет етіп, бұйрықтарды орындаудан бас тартқан. Үш күдікті де Көкшетау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
"Тексеру барысында күдіктілердің бірі кісі өлтіргенін мойындады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін Қостанай облысының департаменті "өңірдегі психиатриялық ауруханадан пышақпен қаруланған науқас қашып кетті" деген қауесетті жоққа шығарғанын хабарлаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:41, 12 қаңтар 2025
«Тұман, көктайғақ». Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
-
16:28, 12 қаңтар 2025
Астана, Алматы, Шымкент: 12 қаңтарға арналған шетел валюталары бағамы
-
15:59, 12 қаңтар 2025
АҚШ-та бортсерікпен сөзге келіп қалған Хабиб Нұрмағамбетов рейстен түсірілді
-
15:23, 12 қаңтар 2025
Йеменде жанар-жағармай құю стансасы жарылып, 10 адам қаза тапты, тағы 65 адам түрлі жарақат алды
-
14:44, 12 қаңтар 2025
2024 жылы Қазақстанда 85 экстремистік қылмыстың беті ашылды