Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мөлшері аталды
© Сурет: pixabay
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7%-ға өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-тен төленетін төлемдердің мөлшері де 7 %-ға арттырылды.
Ағымдағы жылы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша БЖТ мөлшері:
- 1-топ үшін – 95 496 теңге;
- 2-топ үшін – 76 397 теңге;
- 3-топ үшін – 52 089 теңге.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 57 346 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша – 58 543 теңге.
"Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 152,7 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 20,1 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер берілді."Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 539,8 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 196,1 мың адам.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 90,9 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 61,2 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды
Төлемдердің мөлшері жеке болады. Оның көлемі келесілерге байланысты:
- соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс;
- еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері;
- асырауындағы адамдар саны;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.
Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 2 мамыр 2024
Шымкенттің белсенді ардагерлері «Таза Қазақстан» науқанына қатысты
-
12:06, 2 мамыр 2024
АҚШ-та студенттер оқу ғимаратын басып алды
-
11:50, 2 мамыр 2024
Қазақстандағы атом электр станциясы: референдум күнін кім анықтайды
-
11:44, 2 мамыр 2024
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі 2 мамырдағы валюта бағамы
-
11:40, 2 мамыр 2024
Бишімбаев ісі бойынша тараптар арасында пікірталас болып жатыр