Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолындағы қайта жаңғырту жұмыстары биыл да жалғасатыны белгілі болды

13:18, 1 мамыр 2024

© Сурет: pxhere

Батыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Бөрлі-Ақсай-Жымпиты бағытында қолға алынған жол құрылысы биыл да өз жалғастығын табатынын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық маңызы бар Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолының 68-139 шақырымы аралығында қолға алынған жалпы ұзындығы 71 шақырымды қамтитын қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылы да өз жалғасын табатын болады.

"Бүгінгі күнге дейін 13,5 шақырым жолға асфальт жабыны төселді. Аталған нысанда жұмыстарды жалғастыру үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде", делінген облыстық құзырлы басқарма хабарламасында.

Сондай-ақ ағымдағы жылы жоспар бойынша 10 шақырым жолға асфальт жабынын төсеу көзделгені де нақтыланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!