Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолындағы құрылыс жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

12:35, 1 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы тас жолда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі құзырлы басқарма облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолының 43-93 шақырымы аралығында қолға алынған жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылы аяқталатынын нақтылады.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2024 жылдар. Бүгінгі күнге дейін 43,4 шақырым жол төселіп, жұмыстардың 85%-ы орындалды.

"Аталған нысанды аяқтау үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде жұмыстарды жалғастыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2024 жылы Барбастау-Ақжайық-Индер автомобиль жолының 93-145 шақырымы аралығында күрделі жөндеу жұмыстары басталатыны нақтыланады.

"Бүгінгі күнге мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер ұйым - "Uniserv" ЖШС анықталды. Нысанда жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады", делінген облыстық басқарма хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!