Астанада ақша айырбастау орнына «өте мәдениетті» ер адам шабуыл жасаған

13:08, 1 мамыр 2024

© Сурет: pixabay

Астанада ақша айырбастау пунктіне қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақша айырбастау пунктіне жасалған қарулы шабуыл сәті видеоға түсіп қалды. Оқыс оқиға 30 сәуірде сағат 18:30-да болған, делінген видео сипаттамасында. Медициналық бетперде таққан ер адам мекеме қызметкерінен ақшаны тезірек өзіне беруін сұрайды. Сөз барысында ол қолына резеңке қолғап киеді. Қарақшының жанында тапаншасы бар болып шықты.


"Өтінемін, қолыңызды көтеріңіз. Менің қолымда граната бар, қазір оны тастап жіберемін. Ренжімеңіз. Өтінемін, қолыңызды көтеріңіз. Шынымды айтсам, осындай қадамға баруға мәжбүрмін. Ақша төлеуім керек. Тезірек, қазір тастап жіберемін", - деп қорқытады тапаншасын оқтаған қарақшы.


Ақша айырбастау орынындағылар видеодағы ер адамды танып жатқандар болса, полицияға хабар беруді сұрайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!