Мүфтият журналист Жанат Бақыттың айтқанына қатысты мәлімдеме жасады
© Сурет: muftyat.kz
ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар журналист Жанат Бақыттың әлеуметтік желілердегі сөзіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әлеуметтік желідегі Жанат Бақыт деген журналистің Алла тағала туралы айтқан ауыр сөздері мұсылмандар арасында түсініспеушілік тудырды. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына әр өңірден түрлі пікір, наразылық білдірген хаттар келіп жатыр", - деді ол.
"Мысалы, Алла тағала қасиетті Құранның Ән'ам сүресінің 144-аятында "Адамдарды надандықпен адастыру үшін Алланың атынан жалғанды жалпағынан басатын пендеден өткен залым бар ма?" деп баяндаған. Алла сақтасын, Құдай атынан жалған сөйлеуден ауыр іс жоқ. Әсіресе, Рамазан айында осындай келеңсіз сөзді айту мен үшін де ауыр. Дегенмен халық тарапынан сұрақтар жиі қойылып, наразылық білдіріп жатқаннан кейін мүфтият атынан ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болып отырмыз", - деді Ершат Оңғар.
"Хакім Абай "Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі, өлшеулі менен өлшеусізді білуге болмайды" деп айтады ғой. Осы ретте барша мұсылман қауымын және барша отандасымызды журналист Жанат Бақыттың сөзіне еріп, дәстүрлі сенімізге селкеу түсіріп, ел ішінде арандатушылық тудырудан сақ болуға шақырамыз. Қасиетті Рамазан айында мұндай ауыр сөздерді айтып, ел ішінде наразылық тудырып алудан сақ болайық", - деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





