Министр: Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша білім басқармалары басшыларына жеке жауапкершілік жүктеледі

© Сурет: primeminister.kz
Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық кеңесінде өңірлік білім басқармаларымен, ведомстволық бағынысты ұйымдармен және әдістемелік кабинеттермен бірге "Жаз-2024" балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу-ағарту министрлігі ІІМ, ДСМ, ТЖМ, МАМ, ТСМ, ҒЖБМ, ЕХӘҚМ және ЭТРМ-мен бірлесіп заңнамалық нормаларды, бағдарламаларды, сондай-ақ мониторинг пен бақылауды қамтитын іс-шаралар жоспарын қабылдады. Биыл бірінші рет лагерьлердің әрбір түрі үшін бірыңғай талаптар әзірленді, қосымша білім беру бойынша еріктілер мен педагогтер жұмысқа тартылды, лагерьлерді қабылдау мен нұсқама өткізудің республикалық мониторингі құрылды. Сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген балаларды сауықтыру орталықтарының тізілімі жолданды.
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық бере отырып, жазғы демалысты өткізу мәдениетін қалыптастыру қажет. Сондықтан әріптестер, балаларды қорғау шараларын қатаң бақылауға алып, жұмысты күшейту керек. Сіздерге тиісті әдістемелік құралдар мен алгоритмдер жолданды. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша білім басқармаларының басшыларына жеке жауапкершілік жүктеймін", - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Биылғы жазда барлығы 3,1 млн баланы, яғни оқушылардың 88,2%-ын демалыспен қамту жоспарлануда. Олар үшін 10 630 лагерь әзірленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:23, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
-
21:07, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
21:04, 26 наурыз 2025
Тоқаев «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» жарлыққа қол қойды
-
20:52, 26 наурыз 2025
Астанада Қадыр түніне орай шаттл маршруттары іске қосылады
-
20:19, 26 наурыз 2025
АЭС бойынша келіссөздер аяқталуға жақын: Қазақстан KHNP компаниясымен кездесу өткізді