Миллиондаған теңгені ұрлау және бопсалау: «Каспий» ФК бұрынғы басшысы қамауға алынды

10:05, 4 желтоқсан 2024

© Сурет: unsplash

Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері "Каспий" футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 4 желтоқсанда таратылған хабарламадан белгілі болғандай, аталған фактіні облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп тексеру барысында клубтың бұрынғы жетекшісінің қатысуымен өзінің екі танысы клуб қызметкерін физикалық күш қолдану арқылы өз айғағын өзгертуге мәжбүрлемек болған.

"Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген. 3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, "К" және "О" азаматтарын қамауға алуға санкция берілді." Маңғыстау облысының прокуратурасы

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

2024 жылдың 17 қыркүйегінде Маңғыстауда спорт мекемесінің есепшісі бес жыл ішінде 117 миллион теңге ұрлағаны белгілі болды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!