Мәжіліс депутаты Ресейдегі сайлауды бақылайтын ұйымға басшылық етеді

14:49, 16 қыркүйек 2021

© Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары үстіміздегі жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында өтетін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының VIII шақырылымы депутаттарының сайлауына байқаушы ретінде қатысады, деп хабарлайды zakon.kz.

Делегацияны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы желісі бойынша халықаралық бақылаушылар тобының үйлестірушісі Арман Қожахметов басқарады. Қазақстандық делегацияның құрамында ТМД ПАА тарапынан Берік Бекжанов, Мемлекеттік Думаның шақыртуы бойынша Мәди Ахметов және Вера Ким тәуелсіз байқаушы ретінде қатысады.

Мәжіліс депутаттарының Мәскеу мен Мәскеу облысындағы сайлау учаскелеріне барып, дауыс беру барысын бақылауы жоспарланған. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Мемлекеттік Думадағы және Орталық сайлау комиссиясындағы саяси партия фракцияларының жетекшілерімен кездесулер өткізуді көздеп отыр.

Қазақстандық Парламент өкілдері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының қорытынды кеңесіне және Қорытынды құжаттарды дайындау үшін ТМД байқаушылар миссияларын үйлестірушілер кеңесіне қатысулары жоспарлануда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!