«Месси» мен «Роналду» Алматыдағы сайлауда көзге түсті
© Сурет: Алматы қаласының ӨКҚ
Алматының Бостандық ауданындағы №70 мектепте орналасқан №294 сайлау учаскесіне футбол аңыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың бейнесіндегі алып қуыршақтар келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, әйгілі футболшылардың бейнесіне енген екі дос та футбол мен танымал спортшылардың жанкүйері.
Олар сайлауға келетін сәтін есте қаларлықтай етіп қана қоймай, әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі – футболға да назар аударуды жөн көрген.
"Сайлау учаскесіне кіріп, өз таңдауын жасамас бұрын "Месси" мен "Роналду" мектептің алдында шағын футбол жаттығуын өткізді. Доппен бірнеше жаттығу жасап, бой сергітіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Олардың сайлау күні осылай басталды", – делінген хабарламада.
Достардың айтуынша, олар осындай ерекше образ арқылы қоғамдық өмірге белсенді араласуды сүйікті іспен ұштастыруға болатынын көрсеткісі келген. Сондай-ақ Құрылтай сайлауын азаматтық белсенділік танытып, бұл күнге көтеріңкі көңіл күй сыйлаудың бір мүмкіндігі деп санайды.
Ерекше қонақтар бірден басқа сайлаушылардың назарын аударып, учаске маңында көңілді атмосфера қалыптастырды. "Месси" мен "Роналду" тұрғындармен суретке түсіп, олардың келуі Алматыдағы сайлау күнінің ерекше әрі креативті сәттерінің біріне айналды.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде де ерекше көрініс болған еді. Үй халатын киген бойжеткен дауыс беруге адамға ұқсас роботпен бірге келген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:18, 23 тамыз 2026
Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді
-
10:10, 23 тамыз 2026
Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді
-
10:01, 23 тамыз 2026
Құрылтай есімді азамат Алматыдағы сайлаушылардың назарын аударды
-
10:00, 23 тамыз 2026
Жалпыұлттық мереке және сайлау учаскелеріндегі кезек: Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы қалай өтіп жатыр
-
09:47, 23 тамыз 2026
Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде





