Мереке қарсаңында қандай қауіпсіздік ережелерін ескерген жөн - мамандар кеңесі

15:53, 26 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, дәстүрлі түрде көпшілік іс-шаралармен, отбасылық дастарқандармен, таза ауадағы белсенді демалыспен және пиротехникалық бұйымдарды қолданумен қатар жүретін бұл кезеңде денсаулық пен қауіпсіздікті сақтау аса маңызды.

Қауіптердің арасында әсіресе мерекелік тағамнан улану мен отшашудан жарақат алу жиі кездесіп жатады. Осыған орай, ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бірнеше кеңес ұсынды.

Тағамнан уланудың алдын алу

  • Азық-түлік өнімдерін тек сенімді сауда орындарынан сатып алыңыз.
  • Әрдайым жарамдылық мерзімін, қаптаманың бүтіндігін және сақтау шарттарын тексеріңіз.
  • Таңбаланбаған немесе күмән тудыратын өнімдерді тұтынбаңыз.
  • Тағам дайындау кезінде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз.
  • Дайын тағамдарды тоңазытқышта сақтап, оларды бөлме температурасында ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
  • Балаларға арналған тәтті сыйлықтардың сапасына ерекше көңіл бөліңіз.

Пиротехниканы қауіпсіз пайдалану

  • Пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз.
  • Нұсқаулықтың, сапа сертификатының және жарамдылық мерзімінің бар екеніне көз жеткізіңіз.
  • Зақымдалған немесе жинақтамасы толық емес бұйымдарды қолданбаңыз.
  • Фейерверктерді тек ашық алаңдарда, қауіпсіз арақашықтықты сақтай отырып және нұсқаулық талаптарына сәйкес іске қосыңыз.
  • Жандырылып жатқан бұйымның үстіне еңкеймеңіз және іске қосылмаған пиротехниканы қайта жағуға әрекет жасамаңыз.
  • Балаларға фейерверктерді өз бетінше қолдануға қатаң тыйым салынады.

Үсік шалу мен суық тиюдің алдын алу

  • Ауа райы жағдайын ескере отырып, жылы киініңіз.
  • Балалардың бас киім, қолғап (немесе биялай), шарф және жылы аяқ киім кигеніне көз жеткізіңіз.
  • Суықта ұзақ болуды шектеп, жылыну үшін үзілістер жасаңыз.
  • Киім мен аяқ киімнің құрғақ болуын қадағалаңыз.
  • Үсіктің алғашқы белгілеріне назар аударыңыз: терінің бозаруы, шаншу, ұю сезімі.
"Қарапайым ережелерді сақтау сізге Жаңа жыл мерекелерін қауіпсіз, жайлы әрі жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлықпен өткізуге көмектеседі. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!".ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Бұған дейін Қазақстанда қандай мәмілелерді нотариалды куәландыру керек екенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!