Мемлекеттің цифрлық архитектурасы қалай қалыптасады: ережелер бекітілді
© Фото: freepik
Премьер-Министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 23 шілдедегі бұйрықпен мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингілеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоспарланатын цифрлық объект – қаржыландырылуы бюджет қаражаты, оның ішінде Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылатын, "цифрлық мемлекет" цифрлық объектілерін құру және дамыту, платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру жөніндегі жоба;
Мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру және дамыту мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
- цифрлық объектілердің архитектуралық тұтастығы және эволюциялық даму қағидаты
Цифрлық жүйелер мен цифрлық платформалар мемлекеттің цифрлық инфрақұрылымының үйлесімділігін, ауқымдалуын, технологиялық орнықтылығын және кезең-кезеңімен дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай архитектуралық тәсілдер негізінде жобаланады және дамытылады.
- цифрлық жүйелердің интероперабельдігі және үйлесімділігі қағидаты
Цифрлық жүйелер стандартталған интерфейстер, хаттамалар және деректер форматтары арқылы өзара іс-қимылды және деректер алмасуды қамтамасыз ете отырып, "цифрлық үкіметтің" бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастырады;
- архитектуралық шешімдердің бұлттық дайындық қағидаты
Цифрлық жүйелердің архитектурасы бұлттық инфрақұрылымда орналастыру және пайдалану мүмкіндігін ескере отырып жобаланады, бұл ауқымдаудың икемділігін, істен шығуға төзімділікті және есептеу ресурстарын пайдалануды оңтайландыруды қамтамасыз етеді.
- сервистік және модульдік архитектура қағидаты
Цифрлық шешімдер модульділікті, компоненттерді қайта пайдалануды, сервистердің ең аз өзара байланысын, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру үшін оларды икемді түрде құрастыру мүмкіндігін көздейтін сервистік тәсіл негізінде іске асырылады;
- цифрлық деректердің басқарылуы және сапасы қағидаты
Цифрлық деректер архитектурасы деректердің тұтастығын, анықтығын, үйлесімділігін, қорғалуын және ұтымды пайдаланылуын, сондай-ақ эталондық дереккөздерді айқындауды және ақпаратты өңдеудің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етеді.
- цифрлық инфрақұрылымның архитектуралық қауіпсіздігі және орнықтылығы қағидаты
Мемлекеттің цифрлық архитектурасы киберқауіпсіздік, деректерді қорғау, киберқатерлерге орнықтылық және аса маңызды цифрлық сервистердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету талаптары ескеріле отырып қалыптастырылады.
Мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру архитектура қабаттарын мынадай ретпен дәйекті түрде құру арқылы жүзеге асырылады:
- қызмет архитектурасын қалыптастыру;
- деректер архитектурасын қалыптастыру;
- цифрлық объектілер архитектурасын қалыптастыру;
- цифрлық инфрақұрылым архитектурасын қалыптастыру.
Мемлекеттік цифрлық архитектурасын қалыптастыру және дамыту процесі келесі кезеңдерді қамтиды:
- ағымдағы мемлекеттік цифрлық архитектураны анықтау;
- тиісті домендер (мемлекеттік басқару салалары) бөлінісінде стратегиялық мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттерді, мемлекеттік басқару көрсеткіштерін сипаттау;
- мемлекеттің нысаналы цифрлық архитектурасын қалыптастыру.
Ағымдағы мемлекеттік цифрлық архитектура аясында архитектуралық-үйлестіруші орталық мемлекеттік цифрлық объектілердің архитектуралық порталында:
- мемлекеттік басқарудың қызмет домендерін және олардың шеңберінде жүзеге асырылатын ерекшелікті мемлекеттік функцияларды, олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, домендерге кіретін қызмет бағыттары мен қатысушы МО-дарды көрсете отырып айқындайды және сипаттайды. Бір доменнің қатысушылары бірнеше МО болуы мүмкін. Бұл ретте бір МО "цифрлық үкіметтің" бір немесе бірнеше қызмет доменіне кіре алады;
- МО ұйымдық құрылымдарын, ережелерін және мемлекеттік функцияларын талдайды, нәтижелері бойынша мемлекеттік функциялар мен көрсетілетін қызметтерді тиісті домендердің (мемлекеттік басқару салаларының) функционалдық мүмкіндіктері (функциялар топтары) тізбесіне топтастырады;
- функционалдық мүмкіндіктер тізбесінен "цифрлық үкіметтің" функционалдық моделін қалыптастырады;
Домендік модель негізінде мемлекеттің нысаналы цифрлық архитектурасын құру мынадай қағидаттарға негізделеді:
- азаматтар мен ұйымдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған клиентке бағдарланған процестер негізінде мемлекеттің цифрлық архитектурасын құру;
- бір доменге кіретін бірнеше билік органы шеңберінде негізгі деректердің қайталануын жою;
- "цифрлық мемлекеттің" негізгі (мастер) деректерін цифрлық форматқа көшіру;
- Архитектуралық-үйлестіруші орталық қамтамасыз ететін бірыңғай архитектуралық бақылау (қадағалау).
Мемлекеттің цифрлық архитектурасының барлық қабаттары бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін Архитектуралық-үйлестіруші орталық жұмыстардың нәтижелерін өзінің әдіснамалық қамтамасыз етуіне сәйкес цифрлық нысанда ресімдейді және келісу үшін уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган мемлекеттің цифрлық архитектурасы жобасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей оны келіседі, дәлелді ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда келісуден бас тартады.
Архитектуралық-үйлестіруші орталық уәкілетті органның ескертулері мен ұсыныстары бойынша мемлекеттің цифрлық архитектурасы жобасын пысықтайды және оған қажетті өзгерістер енгізеді.
Архитектуралық-үйлестіруші орталықтың ескертулерді жою мерзімі уәжді бас тарту алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
Пысықталған жобаны уәкілетті органның қайта қарауы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қайта қарау кезінде бастапқы бас тартуда бұрын көрсетілмеген жаңа ескертулерді ұсынуға жол берілмейді.
Пысықталған мемлекеттің цифрлық архитектурасы архитектуралық порталда цифрлық нысанда орналастырылады.
Бұйрық 2026 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:16, 30 шілде 2026
Астанада биыл 5 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды
-
21:41, 30 шілде 2026
Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
-
21:24, 30 шілде 2026
Мәдениет комитетінің төрағасы тағайындалды
-
20:47, 30 шілде 2026
Қазақстанда бір күнде 6 орман өрті тіркелді
-
20:31, 30 шілде 2026
Шілденің соңғы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





