Мемлекет басшысы шикізатқа тәуелділікті доғаруды тапсырды
© Фото: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің мұнай саласындағы импортқа тәуелділігі мен өңдеу қуатын арттыру мәселесіне тоқталды.
"Еліміздің импортқа тәуелділігі туралы айтқанда мұнай саласындағы күрделі ахуалға тоқталмай кетуге болмайды. Қазақстанда жылына шамамен 100 миллион тонна мұнай өндіріледі, бірақ елімізде соның тек 18 миллион тоннасы ғана қайта өңделеді. Соның салдарынан біз мұнай өндіруші ел болсақ та, жыл өткен сайын дизель отыны бойынша тапшылық пайда болып жатыр, авиациялық керосин бойынша да импортқа тәуелді болып отырмыз", — деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту қажеттігі аса маңызды.
"Сондықтан отынға деген сұраныстың жоғары екенін ескере отырып, елімізде жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту керек. Бұл жұмысты жедел орындау қажет. Аталған қадам бір жылда өңделетін мұнай көлемін 9 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді (18,4 миллион тоннадан 27,4 миллион тоннаға дейін)", — деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Үкіметке жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысына байыпты шешім қабылдау керегін айтты:
"Ең алдымен, мұнай өңдеу зауытына шикізат қайдан жеткізілетінін, қандай өнімді және қанша көлемде өндіретінін дұрыс есептеу керек. Бұл жобаны іске асыруға (егер жүзеге асса) жеке инвестор тарту керек болады. Бүгінде мұндай ірі жобаны тек мемлекет қаржысына салу өте тиімсіз", — деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:13, 10 ақпан 2026
Мәдиев Қазақстанның IT-нарығы жедел даму үстінде екенін айтты
-
15:03, 10 ақпан 2026
«Кім жасады – сол төлесін»: Тоқаев мемлекеттік жүйелерді көшіру мәселесінде Мәдиевтен түсініктеме талап етті
-
14:56, 10 ақпан 2026
Жамбыл облысында «күлдіретін газды» жарнамалаған 65 сайт бұғатталды
-
14:50, 10 ақпан 2026
Оралда жасанды интеллект арқылы іздеуде жүрген азамат ұсталды
-
14:44, 10 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Роман Склярды мадақтап, Мұрат Нұртілеу мен Әсет Ерғалиевтің қызметіне тоқталды





