Сомалиде жолаушылар ұшағы суға құлады – видео
© Фото: zakon.kz
Сомалиде жолаушылар ұшағы Үнді мұхиты жағалауында қатты қону жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Fokker 50 ұшағының бортында 55 адам болған. Оқиға сейсенбі, 10 ақпанда, Могадишодан елдің орталық бөлігіндегі Галкайо қаласына бағыт алған рейс кезінде болған.
Оқиға орнынан түсірілген фотоларда ұшақтың бір қанаты толықтай ажырап кеткені көрінеді. Айналаға оқиғаны көру үшін адамдар жиналған.
Daily Mirror басылымының жазуынша, лайнер қоршауды бұзып өтіп, суға құлаған.
"Жергілікті StarSky әуе компаниясына тиесілі ұшақ Аден-Адде халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін, әуежай периметріне жақын маңда Үнді мұхиты жағалауына құлаған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілген соң биіктік алуға әрекеттенген кезде техникалық ақауға тап болған", – делінген басылым ақпаратында.
AirLive дерегінше, Джасиира жағажайы маңындағы куәгерлер ұшақтың әдеттен тыс төмен биіктікте ұшқанын байқаған. Содан кейін ол тайыз су үстімен сырғып, жағалауға қонған. Куәгерлердің айтуынша, авиациялық оқиға ұшып шыққаннан кейін бірден болған.
Сонымен қатар, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген. Алайда соққыдан әуе кемесі қанатынан айырылған.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Hortabin Media.
"Бақытымызға орай, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – деді Сомали Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Ахмед Моалим Хасан.
Ол құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, жолаушылар мен экипажды сәтті эвакуациялағанын айтты.
Кейін белгілі болғандай, Сомали астанасының әуежайынан ұшып шыққан соң әуе кемесінің командирі техникалық ақауды анықтап, кері қайтуға шешім қабылдаған. Алайда қону кезінде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, мұхитқа түсіп кеткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 10 ақпан 2026
Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
-
21:13, 10 ақпан 2026
Астанада қоқыс пен қарды заңсыз төккендер жауапқа тартылды
-
20:52, 10 ақпан 2026
София Шульженко әлем және Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды
-
20:12, 10 ақпан 2026
Жаңбыр, жел, көктайғақ: ІІМ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады
-
19:58, 10 ақпан 2026
Олимпиада-2026: қазақстандық биатлоншылардың жекелей сайыстағы нәтижесі





