Жаңбыр, жел, көктайғақ: ІІМ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

20:12, 10 ақпан 2026

© Фото: zakon.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты ІІМ барлық жүргізуші мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта 20-дан астам учаске жабық, олар: Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Карағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жолда жүру қағидаларын, соның ішінде ауа райына сәйкес жылдамдық режимін қатаң ұстаныңыздар. Алдыңызда келе жатқан көлікпен арақашықтықты ұлғайтыңыздар. Ауа райы жағдайына байланысты апаттық жарық белгілерін қосыңыздар. Маневр жасау мен жолақ ауыстырудан бас тартыңыздар", - делінген хабарламада.

Ведомство шұғыл шаруа болмаса алыс сапарлардан уақытша бас тартқан жөн екенін ескертті.


"Жоспарланған бағыттарды кейінге қалдырған жөн болады. Жолға шығу қатты қажет болған жағдайда, жүріс бағытын мұқият жоспарлап, көлік құралының техникалық жағдайын тексеріңіздер. Естеріңізде болсын, жолдағы қауіпсіздік әрқайсымызға байланысты. Уақытылы қабылданған сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді".ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!