Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 23 қыркүйегінде президент, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының алғашқы кеңесін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін атап өтті.
Әлемдік ахуал құбылып тұрған кезеңде Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сын-қатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді.
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды.
Президент аталған салалардағы басымдықтарды белгілеп, "Заң мен тәртіп" қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.
Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа бірқатар нақты міндеттер жүктелді.
Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғау Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының тиімділігін айқындайтын басты өлшем болуға тиіс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:24, 23 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қошановты Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы қызметіне ұсынды
-
14:19, 23 қыркүйек 2026
Ұлттық экономика министрі Қазақстанның мемлекеттік борышы туралы айтты
-
14:12, 23 қыркүйек 2026
Жұманғарин Қазақстанның халықаралық ұйымдардан неге жиі қарыз алатынын түсіндірді
-
14:04, 23 қыркүйек 2026
Қазақстанда күн күрт суытып, кей өңірлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді
-
13:51, 23 қыркүйек 2026
Синди Кроуфордтың артық дозадан қайтыс болған ұлына дәрігер есірткі жеткізіп отырған





