Қазақстанда күн күрт суытып, кей өңірлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді

14:04, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568414

© Фото: unsplash

Синоптиктер 2026 жылғы 24–26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде Қазақстанның көптеген өңірінде күн суытып, солтүстікте түнгі және таңғы уақытта 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың әсерінен республика аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді.

"Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік өңірлерде 25–26 қыркүйекте 1–2 градус үсік күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің мәліметінше, күндізгі ауа температурасы:

  • батыста +20…+28°C-қа;
  • солтүстік-батыс пен солтүстікте +10…+17°C-қа;
  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +20…+25°C-қа;
  • таулы аудандарда +10…+15°C-қа дейін төмендейді.

Ал елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін ескерткен еді. Осыған байланысты тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!